Мароккодағы жер сілкінісі: 2700-ге жуық адам опат болды

Мароккода зілзала құрбандарының саны артты.

Соңғы мәлімет бойынша, 2700-ге жуық адам опат болған. Тағы шамамен осынша тұрғын жарақат алған.

Еске салсақ, 8 қыркүйекте Мароккода жойқын жер сілкінісі болды. Табиғат апатынан әсіресе таулы аймақ тұрғындары қатты зардап шекті. Сондықтан құтқарушылар мен арнайы техниканың онда жетуі қиындай түсті. Ал демалыс күндері зілзаланың соңы афтершокқа ұласып, онсыз да мәз емес ахуалды одан сайын ушықтырып жіберді.