Мароккода қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

Мароккода зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Ол жақта қазір 30-дан аса отандасымыз тұрып жатыр. Соның ішінде елшілік қызметкерлері де бар. Еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мароккодағы қазақстандықтардың жағдайы жақсы екенін жеткізді.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Барлығы аман-есен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бәрімен байланыстамыз. Басқа зардап шеккендер мен қайтыс болғандар арасында Қазақстанның азаматы жоқ.