Жер сілкінісінен қаза болғандар саны 3 мыңға жуықтады
Мароккода іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Соңғы ресми мәліметке сәйкес, 6,8 баллдық жер сілкінісінен 2 мың 946 адам опат болды. 5 жарым мыңға жуық тұрғын жарақатынған.
Марокко тарихындағы бұл ауыр апат 8 қыркүйек күні Жоғары Атлас тауына жақын аймақта болды.
Үкімет жер сілкінісінің барлық құрбандарына көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтып отыр.