АҚШ-Мексика шекарасындағы мигранттар саны максимум деңгейге жетті

Әсіресе Эль-Пасо қаласы заңсыз иммигранттардың ордасына айналды.

Қазір бұл маңға тәулігіне шамамен 2 мың адам көшіп келіп жатыр. Оларды орналастыратын орын жоқ, - дейді жергілікті билік.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та коронавирустық пандемияға байланысты арнайы режим аяқталған соң мигранттар ағыны қайта басталды. Эль-Пасоға жақын өзге де шағын шаһарлар көшіп келушілердің уақытша тұрағына айналып кетті.