Иракта өрттен 116 адам қаза тапты

Иракта үйлену тойында өрт шығып, 116 адам қаза тапты.

Тағы 150 қонақ, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға Нин-Евия провинциясында болған. Елдің Азаматтық қорғаныс басқармасы қызыл жалынның тұтануына, отшашуды дұрыс қолданбау себеп болды, дейді. Өрт қауіпсіздігі талабы сақталмағаны да анықталып отыр. Қазір оқиға орнына Бағдад пен өзге де провинциялардан қосымша күш келіп жетті. Зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр.