Германияда жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр
Германияда алдағы сенбіде басталатын жылу маусымына қызу дайындық жүріп жатыр.
Билік былтырғы энергетикалық тапшылықты болдырмауға тырысады. Дағдарыстың алдын алудың бір амалы үнемдеу дейді үкімет. Қазір қоймалар 95 пайыз газға толған. Сарапшылар бұл қыстан шығуға жеткілікті екенін айтады. Көмір жағу да жоспарда бар. Алғашқы жарты жылда ел бойынша электр энергиясының 52 пайызы көмірден алынған еді. Бірақ билік 2045-жылға қарай баламалы энергия көздеріне толық көшу қажет деп отыр.
Кевин Бенедикт, күн панельдерін өндіретін компания өкілі:
- Мына күн панелін балконға орнатуға болады. Қондырғы электр энергиясын өндіріп, оны бірден пәтердің ішіне бағыттайды. Панельді бүкіл жерге тасымалдай аласыз. Электр тоғы өшіп қалған жағдайда сізде автономды қуат көзі болады. Кейінгі 3 жылда күн панельдеріне деген сұраныс еселеп артуда.