Қытай АҚШ-қа берген пандаларын қайтып алады

Американдық хайуанаттар бағындағы барлық пандалар Қытайға қайтарылады.

Өйткені желтоқсан айында қос тарап арасындағы келісім аяқталады. Қытай жер бетіндегі пандалар монополиясына ие, олар бұл жануарды сатпайды, тек жылына жүздеген мың долларға жалға береді. 1984 жылдан бері осылай. Америкалық ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, қос тарап арасындағы шиеленіс салдарынан Қытай билігі пандаларды жалдау шартын ұзартуға ниетті емес.

Памела Уиттед, қала тұрғыны:

- Вашингтонға пандаларды әкелгелі бері оларды көру үшін мұнда жиі келетін болдым. Енді бұл сүйкімді аюлардың өз еліне қайтатыны өкінішті. Қос мемлекет арасындағы саясат бүкіл жағдайды ушықтырып жіберді.