Грузияда азық-түлік бағасы шарықтап тұр
Грузияда құс еті қымбаттап кетті.
Жұмыртқаның да бағасы удай. Жергілікті фабрикалар жұмысын жаппай тоқтатып жатыр. Бұған не себеп? Грузия нарығындағы ахуал туралы тілшіміз айтсын...
Грузиядағы тауық еті Еуропаның 13 мемлекетіндегі бағадан қымбат. Гүржі еліндегі жергілікті өнімнің құны 3 доллардан бастап 5 жарым долларға дейін жетеді. Сондықтан тұрғындар етті сырттан сатып алған тиімді дейді.
БЛИЦ:
- Айлығымыз шайлығымызға жетпейді. Азық-түлікт бағасы қымбаттап кетті. Еуропалық стандарт бойынша бұл төмен болуы мүмкін. Бірақ біз үшін өте жоғары.
- Үнемі құс етін аламын. Бүгін де базарға сауда жасауға шықтым. Филе біздіңше, 15 лари, яғни 5 жарым доллар екен.
- Баға өсіп кетті. Нарық қатты құбылып тұр. Кейде шегінен асып кетеді, кей кездері тым түсіп кетеді.
Кәсіпкерлерден де маза кетті. Импорттық өнімдермен бәсекелестікке төтеп бере алмаған жергілікті бизнесмендердің пайдасынан шығыны басым. Жылына 700 мың құс етін өндіретін кәсіпорынның тұралап қалғанына 9 айға жуықтады. Жыл басынан бері 14 құс фермасы жабылған.
Эдуард Нозадзе, кәсіпкер:
"Құс еті мен жұмыртқасын өндіргеніміз үшін ойға өзге елде жоқ табыс салығын төлеп жүрміз. Бұл басты себеп. Екінші мәселе, құс шаруашылығы үшін елімізде шикізат мүлде өндірілмейді. Қажетті соя, дәрумен, тіпті, вакцина да жоқ. Бәрі шетелден сатып алынады. Сондықтан бізге қымбатқа түседі".
Жергілікті өндіріс үшін бағаны тұрақты ұстап тұру әзірге мүмкін емес. Мәселен, тауық жемі 1 жылда екі есе өскен. Грузин өндірушілері тауық жұмыртқасын қымбаттатып еді, іле-шала ол Түркиядан әкеліне бастады. Осының бәрі "жығылғанға - жұдырық" болып отыр.
Әсия Нұрлыбаева, Юлия Тужилкина