Түркия президенті Анкарадағы жарылысты айыптады

"Анкарадағы жарылыс - лаңкестердің елге қарсы жасаған соңғы соққысы".

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған бүгін таңертең болған шабуылға байланысты Парламенттің 2 жарым ай демалыстан кейін ашылған алғашқы сессиясында осылай деп мәлімдеді. Саясаткердің айтуынша, 40 жыл бойы көптеген адам шығыны мен  экономикалық ауыртпалықтарға әкелген террорлық ұйымның біржола жойылатын күні жақын. Осының алдында Түркия Ішкі істер министрі Али Йерликая Анкарадағы министрлік ғимаратының жанында лаңкестік әрекет жасау талпынысы болғанын, бір лаңкес өзін жарып, екіншісінің залалсыздандырылғанын хабарлаған болатын. Атыс кезінде 2 полиция қызметкері жеңіл жарақат алды.

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

"Біз елдегі және шетелдегі ең соңғы содырдың көзін жойғанша күресе бермекпіз. Террористік ұйымға біздің саясатқа ықпал етуге және еліміздің қарышты дамуына кедергі жасауға жол бере алмаймыз. Бүгін таңертең шабуыл жасаймыз деп өлім құшқан 2 қаскөйдің әрекеті - содырлардың соңғы соққысы. Бейбітшілік пен азаматтарымыздың қауіпсіздігіне қол сұқпақ болған арамзалар мақсатына жете алған жоқ, ешқашан жетпейді де."