Қазақстандықтар үшін виза талаптарын жеңілдету
ЕуроОдақ қазақстандықтарға виза беру тәртібін жеңілдету бойынша келіссөздерді бастауға дайын.
Осы және ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін еліміздің Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Еурокомиссияның Көші-қон және ішкі істер жөніндегі бас директорының орынбасары ЙохАннес ЛУхнер Брюссельде талқылады. Ержан Сәденов Қазақстандағы көші-қон саясатына қатысты реформаларға тоқталды. Ал Йоханнес Лухнер ЕуроОдақ Қазақстанды стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын мәлімдеп, елдегі саяси-экономикалық өзгерістерге жоғары баға берді. Сондай-ақ Ержан Сәденов бельгиялық әріптесі Аннелис Верлинден де кездесті. ВЕрлинден екіжақты әріптестікті нығайту қажеттігін және Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуге қолдау білдіретінін атап өтті.
Марғұлан Баймұхан, ҚР Бельгиядағы елшісі, ЕО және НАТО жанындағы ҚР миссиясының басшысы:
- Ең алдымен, Қазақстан мен Бельгия ішкі істер министрліктерінің терроризмге қарсы күрес, киберқауіпсіздік, кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріндегі өзара іс-қимыл мәселелерін және, әрине, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы визалық режимді оңайлату жөніндегі қолдау мәселелері талқыланды.
Филипп Росси, Бельгия ІІМ халықаралық Ынтымақтастық департаментінің директоры:
- Екі елдің ведомстволары арасындағы қатынастардың жаңа кезеңінің басталуының бір бөлігі болу мен үшін үлкен мәртебе. Қай салада ынтымақтаса алатынымызды анықтау өте маңызды. Бельгия мен Қазақстан арасында көші-қон еш мәселе жоқ.