Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы норвегиялық жазушыға берілді
Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы биыл норвегиялық жазушы, драматург Юн Фоссеге берілді.
Ол жаңашыл пьесалары мен прозасы үшін марапатталып отыр. Швед академиясының мүшелері жазушының шығармалары күнделікті өмірдегі жағдайларды шебер суреттеп жеткізе білетіндігімен ерекшеленетінін атап өтті. Юн Фоссе 1959 жылы Норвегияда дүниеге келген. Жазушының алғашқы туындысы 1983 жылы жарық көрді. Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы осы салада "идеалистік бағыттағы ең көрнекті шығарма" жазған адамға табысталады.