Үндістанда бөгет бұзылып, 31 адам көз жұмды
Үндістанның Сикким штатында толассыз жауыннан су бөгеті бұзылып, су тасып, 31 адам опат болды.
Тағы 100-ден аса тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Табиғат апатынан мыңдаған адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Тасыған су өңірде ондаған жол мен көпірді шайып, 3 мыңға жуық турист пен 700-дей жүргізуші оқшауланып қалған. Қазір апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.