Үндістанда су тасқынынан кейін құтқарушылар қалаларды тазартуға кірісті
Үндістандағы жойқын су тасқынынан кейін құтқарушылар қалаларды үйінділерден тазартуға кірісті.
Өңірде іздестіру-құтқару жұмыстары да жалғасуда. Апат Лхонақ көлінің жағасынан асып кетуінен болды. Ағын су ГЭС бөгетін жарып жіберді. Жағдайды толассыз жауған жауын да қиындатты. Сикким штатында мыңдаған адам жапа шекті. 47 тұрғын көз жұмды. Тағы 100-ден аса адам із-түссіз жоғалып кетті. 15 көпір қирап, 250-ден астам үй бүлінді.
Прагья Рай, тұрғын:
- Су тасқыны басталғанын ести сала, қаштық. Қазір қолымызда түк жоқ, барлық затымыз үйде қалды. Енді қалай өмір сүретінімізді білмеймін.