Су айдындарын пластиктен тазартатын құрылғы ойлап табылды

Ғалымдар мұхит пен теңізді пластиктен тазартатын құрылғы ойлап тапты.

Бұл құрал тамыз айында Атлант мұхитының табанына орнатылып, 100 мың тонна қалдық шығарған. Тәжірибе сынағын сәтті өткізген зерттеушілер енді технологияны одан сайын жетілдіріп, қоқыс тазалау көлемі мен өнімділігін арттырамыз дейді. Игі бастамаға халықаралық "Оушэн Клинап" /The Оcean Cleanup/ экологиялық ұйымы мұрындық болған.