Ауғанстанда тағы да зілзала тіркелуі мүмкін
Ауғанстанның Герат қаласында тағы да зілзала болуы мүмкін.
Сарапшылардың осындай болжамынан кейін тұрғындар ғимаратқа кіруден қорқып қалған. Кейінгі бір апта жұрт ашық аспан астында шатырларды паналап жатыр.
Еске салайық, өткен сенбі күні аймақта 6,3 балдық зілзала тіркелген еді. Соның салдарынан, 1 мыңнан аса адам опат болды. Тағы 2,5 мыңға жуық тұрғын жарақат алды. Герат қаласына жақын маңдағы 10-нан астам елді мекен толығымен қирады.
Биби Диба, тұрғын:
- Жүрегімде ақау бар. Сондықтан қатты қорқамын. Апат болған сәтте есімнен танып қалыппын. Енді, міне, алаңдап, ашық аспан астында түнеп отырмыз.