Бейжің жазбалары. Базар барып, нарқын біл... (ФОТО)
Қытай астанасы Бейжің қаласына жолымыз түскен бір сапарда қытай мәдениетінің бізге беймәлім тұстары жайлы жазуға тырыстық.
Теңге мен юаньның арасы әжептәуір болғанымен, бұл жақта алатын дүниені сол жақта да аласың. Аса айырмашылық білінбейді.
Кейбір жерде біздегіден арзан болса, кей дүние сәл қымбат. Тек бізде қат жеміс түрлері ол жақта арзандау болуы ықтимал.
Үрімшідегі халықаралық гранд-базар – сауда орны дегеннен көрі көрмеге көбірек ұқсайды. Мұндағы ұйғырлар ұлттық дәстүрін паш етуге тырысқан. Қолөнер дүниелері де, жеміс-жидектің де түр-түрі осында. Пештен жаңа шыққан тандырдың да неше атасынан дәм татасыз.
Жалпы базар барсаң да, көшеде жүрсең де шетелдік екеніңде ешкімнің шаруасы жоқ. Ұрлық дегенді білмейді. Мұны өздері елдің тоқтығымен байланыстырады. Жалақы тәуір, зейнетке ерлер 60, әйелдер 55 жаста шығады.
Арман Әмен,
«Хабар-24» арнасының редакторы
(Басы мына жерде. Жалғасы бар)