«Сазген сазы» ансамблі Еуропада өнер көрсетті
«Сазген сазы» ұлттық фольклорлық-этнографиялық ансамблі Люксембург пен Бельгияда өнер көрсетті.
Республика күні қарсаңында ұйымдасытырылған мәдени шара,, шетелдік өнер сүйер қауымы тарапынан жоғары бағаға ие болды.
«Сазген сазы» ансамблі Люксембург жұртшылығына қазақтың халық әндерін паш етті. Жиналған қауым ұлттық аспаптың үніне елтіп, керемет кештің куәсі болды. Концерт қонақтарын құттықтаған Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Республика күнінің тарихы мен Ұлы Герцогтікпен қарым-қатынастардың жан-жақты даму маңыздылығына тоқтады.
Бағдат Тілегенов, «Сазген сазы» ансамблінің көркемдік жетекшісі:
- Қазақтың көнеден келе жатқан біздің төл аспаптарымыз адырна, қылқобыз, сазсырнай, үскірік, сыбызғы, жетіген сияқты аспаптардың бәрін көрермендерге паш еткізіп, соны көрсеттік. Келген көрермен өте ризашылығын білдіріп әсіресе біздің сахнаға шыққан кездегі ұлттық киімдерімізге таң қалып, оның қанық бояуына тәнті болып, ризашлығын білдіріп жаттты.
Жеңіс Ержанов, «Сазген сазы» ансамблінің солисті:
- Енді біз өнер адамы болғаннан кейін, біздің алдымызға қойған ең бірінші мақсатымыз бұл әрине қазағымыздың мынау ұлттық салт-дәстүрімен қоса, ұлттық киімдерімізді, аспаптарымызды, халық әндері мен халық күйлерін осы сыртта жүрген біздің қандастарымыз бен бауырластарымызға осы әнді сағынып жатқан бауырларымызға жеткізу.
Мишель Турк, "Schengen Peace Foundation" вице-президенті:
- Қазақ елінің заманауи, этникалық және классикалық бағыттағы әндері құлағымның құрышын қандырды. Мұндай кереметті бұрын-соңды естімедім. Қазақ аспаптарының үні сондай ерекше.
Ансамбль орындаушылары Құрманғазының күйлері, Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен бастап, атақты еуропалық Витторио Монти, Астора Пиаццола туындыларын шеберлікпен орындады.
Блиц:
- Шебер орындау! Мен Азияға көп саяхаттаймын. Бірақ Қазақстан туралы білетінім аз екен. Орындаушылардың әні мен залда көрсетілген бейнеролик керемет үйлесім тауып, жақсы әсер сыйлады.
- Әсері өте мықты болды. Мен шынын айтсам үйге барып қайтқандай болдым. Осы бір сағат, бір жарым сағат бойынша әндерді, музыканы есіме түсіріп қаным жүгіріп дегендей.. рахаттанып қалдым.
Брюссель, Бельгия
Музыканттар Брюссельде де үлкен концерт қойды. Бельгиялық көрермен қазақтың бай музыкалық мұрасымен танысты. Қонақтар шығармашылық топтың еңбегін жоғары бағалады.
Авторлары: Фариза Жанғанаева, Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов