Шотландияның Бречин аймағына су тасқыны қауіп төндіріп тұр
Қатты дауыл болып, 1 ай бойы тоқтаусыз жаңбыр жауады деген болжам бар.
Синоптиктер бұл өңірде метереологиялық қауіп-қатердің ең жоғары деңгейін жариялады. Қазірдің өзінде билік 400-ге жуық адамды қауіпсіз жерге көшірді. Білім ұйымдары мен қоғамдық орындар уақытша жабылған. Үкімет тұрғындар мен туристерді жолға шыққанда абай болуға шақырды. Соңғы рет Шотландияда дабылдың қызыл деңгейі 2020 жылы жарияланған болатын.
Шона Мэзер, қала тұрғыны
- Табиғи апаттар бізде көп бола бермейді. Бірақ соңғы жылдары бұған ұқсас жәйттер жиілеп кетті. Билік дайындықты күшейткеніне қарағанда, айтарлықтай қауіп бар болып тұр ғой. Өйткені 2 күнге барлық қоғамдық орындар жабылды.
Мадрид метросын су басты
Мадридте де осыған ұқсас жағдай. Тоқтаусыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, метроны су басты. Қалада қозғалыс шектеліп, жолдар жабылды. Метереологтардың айтуынша, күні бойы жауған жауын-шашын мөлшері рекордтық деңгейге жеткен. Төтенше қызмет мамандарына тұрғындардан 150-ден астам қоңырау түсті. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аймақ – Мадрид пен Галисия аймағы.