Дубайда COP28 климаттық саммиті өтеді
Қазба отынмен жұмыс істейтін компаниялар көмірқышқыл газы шығарындыларын азайту бойынша өз міндеттемелерін орындауы тиіс.
АҚШ Президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри осылай деп мәлімдеді. Ірі мұнай-газ компаниялары көміртегін сақтау технологияларын белсенді қолдануы тиіс, дейді ол.
Айта кетерлігі, 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Дубайда COP28 климаттық саммиті өтеді. Бұл басқосуда көмір, мұнай және газдан кезең-кезеңімен бас тарту бойынша әлемдегі алғашқы мәмілеге қол жеткізу көзделген. Ғалымдардың пікірінше, жаһандық жылынудың алдын алу үшін ел Үкіметтері жаңартылатын энергия көздерінің қуатын 3 есе арттырғаны жөн.