Әлем жасанды интеллектті қауіпсіз пайдалануды талқылап жатыр
Жасанды интеллектті қауіпсіз пайдалану шарт.
Ұлыбританияда дәл осы маңызды тақырып турасында алғашқы жаһандық саммит өтіп жатыр. Әлем елдерінің ірі технологиялық компаниялары мен саясаткерлері Лондонда бас қосып, жаңа технологияларды реттеу және пайдалану негіздерін талқылады. Саммит жұмысының алғашқы күні жасанды интеллекттің ең қауіпті түрлерін басқару туралы келісімге қол қойылды. Британия Премьер-министрі Риши Сунак бұл басқосуды тәуекелдердің алдын алудағы маңызды қадам, деп атады.