Испанияда заңсыз мигранттар көші тоқтамай тұр
Соңғы 1 күннің ішінде теңіз арқылы мыңнан астам африкалық еуропалық елге табан тіреген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір бұл келімсектер испан билігінің бас ауруына айналды. Оларды орналастыратын орын табылмай жатыр.
Рұқсатсыз еңбек миграциясы Испанияның ең бір өзекті мәселесіне айналды. Бұл елге Жерорта теңізі арқылы ағылған африкалық келімсектер саны еселеп артуда. Халықаралық қауымдастық заңсыз көші-қонды терроризм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, есірткі және қарудың заңсыз айналымына теңестіріп, ұлттық және әлемдік қауіпсіздіктің негізгі сын-қатерінің қатарына қосқан.
Фернандо Гранде-Марласка, Испанияның Ішкі істер министрі:
- Канар аралдарына жеткен мигранттар саны тәулігіне мың адамнан асты. Соңғы 2 аптаның өзінде Испанияға теңіз арқылы ескі қайықпен жеткен келімсектер қатары 9 мыңға жуықтайды. Оларды орын қалмады.
Теңіз арқылы тентіреген миграттар санының артуына күз айларындағы мамыражай күн райы мен теңіздегі тыныштық түрткі болған. Жалпы өз елінен пана таппаған келімсектердің көші жыл он екі ай бір үзілмейді.
Сантиаго Абаскал, саясаттанушы:
- Африканың батыс жағаласынан шамамен 100 шақырым қашықтықтағы Канар аралдарына келген келімсектер саны 2006 жылы 32 мыңға жеткен еді. Биыл олардың саны тіптен көбейді. Ең қауіпті жолдардың бірі болса да, мигранттар бала-шағасымен осындай тәуекелге барады.
Осы аптада Канар аралдарына барған Ішкі істер министрі Фернандо Гранде-Марласка көші-қон жолдарын бақылау үшін 2 ұшақ беретінін айтты. Бірақ бұл аздық етеді. Сондықтан Испания Еуроодақтан тағы көмек сұрап отыр.
Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач.