Таяу Шығыстағы қақтығыс Еуропадағы инфляцияға әсер етуі мүмкін

Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс Еуропадағы инфляцияның одан әрі өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық валюта қоры мәлімдеді.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, аймақта Израиль әскері мен ХАМАС қозғалысы арасындағы ұрыстар қуат көздерінің бағасына әсер ете бастаған. Мысалы, қақтығыс басталғалы табиғи газ құны 10%-ке өскен. «Ал егер мұнай қымбаттаса, инфляция барлық салаға әсер етуі мүмкін», - дейді мамандар.