Италия Газа жағалауында зардап шеккендерге көмек жіберді
Италия Газа жағалауына Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстан зардап шеккендерге әскери кемемен көмек жіберді.
Бұл туралы жергілікті қорғаныс министрі мәлімдеді. Оның сөзінше, кеме 170 қызметкермен жасақталған. 30 адам шұғыл медициналық көмек көрсету даярлығынан өткен. Енді Италия Газаға тағы бір топ медицина мамандарын әуе кемесімен жіберу үшін әзірлік жұмыстарын бастап кетті.
Сондай-ақ Италия мүшелік ететін «Үлкен жетілік» министрлері қақтығысқа гуманитарлық үзіліс жариялауға шақырды. Бұл кепілге алынған адамдарды босатып, зардап шеккендерге көмек көрсетуге мүмкіндік береді, - дейді олар.