Парижде қазақ өнерінің апталығы басталды
Оған еліміздің дәстүрлі және заманауи бағыттағы шеберлерінің туындылары қойылған.
Халқымыздың ежелгі тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін тұс киіздер, мүсіндер мен түрлі бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды. "Бір шаңырақ астында" тақырыбындағы көрме француз еліндегі отандастарымызды ерекше әсерге бөлеп, келушілерді тәнті етті. Еуропалықтар қазақ өнеріне жоғары бағасын берді. Олар "Қазақстан туралы көп мағлұмат алдық", - дейді.
Блиц:
- Мына көрмеден кейін бірден Қазақстанға барғым келіп кетті. Сіздердің елдеріңіз - кең байтақ мемлекет. Дәстүрге, өнерге бай. Қазірдің өзінде керемет әсер алып жатырмын.
- Ескі мен жаңаның тамаша үйлесіміне тәнті болдым. Қазақ халқының тарихы тым тереңде жатыр. Атадан балаға жалғасқан отбасылық құндылықтардың ғажап байланысына куә болып, өткен ғасырларға сапар шеккендей әсерде тұрмын.
- Қазақстанды біз көбіне көшпелі мәдениетпен байланыстырымыз ғой. Ал бүгінгі көрмеден басқа қырынан танығандаймын.