Бангладеште денге безгегінен 1,5 мыңға жуық адам көз жұмды
Бангладеште жыл басынан бері 1449 науқас көз жұмды.
Ал қауіпті дертке шалдыққандар саны 290 мың адамға жеткен. Жергілікті билік бұл 2000 жылдан бері тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш дейді. Ауру елдің барлық аймағында таралып отыр. Әсіресе індет қазан айындағы жауын-шашын маусымынан кейін қатты өршіген. Мамандар кеселдің кең таралу себебін зерттей келе бірқатар тың мәліметтерге қол жеткізгенін айтады.
Кабирул Башар, Джахангир Нагар университетінің профессоры:
"Бұрын денге көбіне қалаларда кездесетін. Ал биыл ауылдық жерлерде кеңінен тарала бастаған. Сондай-ақ вирусты масалар тек күндіз ғана белсене таратады және таза тоғандарда жүреді деген түсініктің қате екенін анықтадық. Олар түнде де ұшып, лас суларды мекендейтін болған".