Әлемде 537 адам қант диабетіне шалдыққан
Бүгін бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күні.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, жер бетінде 537 миллион адам диабетке шалдыққан. Ал 2045 жылға қарай олардың саны 800 миллионға жуықтауы мүмкін. Салыстырмалы түрде алсақ, 1980-ші жылдары сусамырмен 100 миллиондай адам ауырған, яғни соңғы 43 жылда науқастар саны 5 есе өскен. Ұйым өкілдерінің айтуынша, қауіпті дерт соңғы 10 жылда көп тарала бастаған. Әсіресе Африка, Үндістан, Қытайда кеңінен етек жайған. Сарапшылар сондай-ақ диабет таяқшалары егде жастағы адамдармен бірге жасөспірімдерде де жиі байқала бастағанын айтады. Қант диабетінен жыл сайын миллионнан астам адам көз жұмады дейді дәрігерлер.