Бразилияның солтүстігінде қуаңшылық қуырып барады

Бір тамшы жаңбыр жаумаған 20 ауданда төтенше жағдай жарияланды. 

Амазон өзенінің арнасы тартылып, жергілікті тұрғындар бір жұтым суға зар болып жүр. 4 айға созылған жұт салдарынан аймақта жаппай мал қырылып жатыр.

- Су жоқ емес, бар. Терең құдықтардан алып жүрміз. Бірақ қатты ластанып кеткен. Басқа амалымыз қалмаған соң еріксіз соны ішеміз әрі кір жууға пайдаланамыз.

 

Тасқыннан 2 адам көз жұмды

Ал Бразилияның оңтүстігінде керісінше жағдай қалыптасқан. Санта-Катарина қаласында бірнеше күн жаңбыр тоқтаусыз жауып, соңы алапат тасқынға ұласты. Табиғи апат салдарынан 2 адам ажал құшқан. Үйлер мен ғимараттар су астында қалып, жолдар жабылды. Аймақта лай көшкіні жүруі мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан билік тұрғындарды сақ болуға шақырды.