БҰҰ Израиль мен ХАМАС арасындағы үзілісті ұзартуды ұсынды
Біріккен Ұлттар Ұйымы Израиль мен Хамас арасындағы қақтығысты уақытша тоқтату мерзімін тағы ұзартуды ұсынды.
Себебі Газа секторындағы жағдай мәз емес. Балалар қоры «ЮНИСЕФ» қақтығыс алаңын «балалар үшін ең қауіпті аймақ» деп атады. Ресми дерекке сәйкес соғыс басталғалы бері 5 мыңнан астам бала қаза тапқан.
Еске сала кетейік, қазір тараптар арасында 4 күн үзіліс жарияланды. Осы уақыт аралығында Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізіліп, екі жақтан кепілге алынған тұтқындардың ішінде әйелдер, балалар босатылады.
Сима Сами Бахус, «БҰҰ-Әйелдер» қауымдастығының директоры
- Мен кепілге алынған барлық әйелдер мен балалардың гуманитарлық үзіліс кезінде босатылатыны туралы шешімді қолдаймын. Мысыр, Катар және АҚШ үкіметіне осы мәселеге көмектескені үшін алғысымды білдіремін.