Бангладеште денге безгегі өршіп тұр
Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, осы айда індеттен 2 мыңға жуық адам көз жұмған. Оның 200-ге жуығы – балалар.
Жалпы жыл басынан бері бұл дертті 300 мыңнан астам адам жұқтырған. Қазір елде масаны жою шарасы қолға алынды. Денге адамға масаның шағуынан жұғады. Науқастың денесі қызып, басы ауырып, жүрегі айниды. Омыртқа мен тізе, жамбас буындары және арқа бұлшық еттері ауырады. Әсіресе балалар мен созылмалы аурулары бар адамдарға қауіпті.