Филиппинде 7,6 балдық жер сілкінісі болды
Филиппиннің оңтүстігінде 7,6 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Ажал құшқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Табиғи апаттан ғимараттар бүлініп, электр желілеріне зақым келген. Билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 32 шақырым тереңдікте болған. Мамандар Индонезия, Палау, Малайзияның кей аймақтары мен Жапонияның оңтүстік-батыс жағалауында зілзала қаупі барын ескертті.