Ғалымдар «ақылды мата» жасап шығарды
Жасанды интеллект - сән әлемінде де енді.
Қытайлық ғалымдар мен дизайнерлер түсін өзгертетін «ақылды мата» жасап шығарды. Жаңа технология медицина саласында да ерекше қызмет атқарады.
Қытайлық өнертапқыштар ойлап тапқан «ақылды мата» арқылы киім түсін кез келген түске өзгертуге болады. Бұл мобильді құрылғының көмегімен және қарапайым қол қимылдары арқылы жасалады. Мәселен, бас бармақ – сия көк түсті, жүрек қимылы – қызылт түсті, ал кең танымал «ОКЕЙ» белгісін көрсету арқылы – жасыл түсті таңдауға болады.
Жанна Тан, Гонконг политехника университетіндегі сән мектебінің профессоры:
- Біз матаның жіптерін полимерлі оптикалық талшықтардан жасадық. Оны ұстаған кезде, кәдімгі матамен бірдей екенін сезесіз. Сондықтан бұл мата өте жұмсақ әрі сезімтал.
Бұл матаның сән әлемінен бөлек, медицина саласына да тигізер пайдасы көп. Мәселен, ақыл-ойында ауытқуы бар науқастарға ең қажет дүние. «Себебі қол қимылдары арқылы, ми да жұмыс жасайды», - дейді ғалымдар.
Жанна Тан, Гонконг политехника университетіндегі сән мектебінің профессоры:
- Қол қимылы арқылы мата түрлі-түсті боп жарқылдаған сәтте, оларда ең бірінші таң қалу раекциясы болады. Жалпы мультисенсорлық оқыту әдісі кең таралғандықтан, бұл деменциясы бар адамдарға жақсы көмектеседі.
Өзі түссіз, бірақ мың түрлі түске боялатын матаның тағы бір ерекшілігі сәннен қалмайды. Ғалымдар сәннен шығып қалған киімдерді босқа ысырап қылғанша, оны әркім өз талғамына сай етіп тігіп алғанын жөн көреді.
Миффи Ю, зерттеуші:
- Өзіңізге киім сатып алғанда сізге ол киімнің стилі ұнап, түсі ұнамауы мүмкін. Осындай кезде бұл мата нағыз көмекші болмақ. Әрі бірдей үлгідегі киімнің бірнеше түсін сатып алмай, қаражатыңызды үнемдейсіз.
Жоба авторлары бұл жаңа технологияны сән әлеміндегі жаңалық деп есептейді. Қазір аталмыш матадан жасалған түрлі инсталляциялар Гонконгтағы сауда орындарында қойылған.
Авторы: Фариза Жанғанаева