Газадағы ахуал ушыға түсті
Израиль Қарулы күштерінің Газа аймағына қарсы шабуылынан кейін тұрғындардың 80 пайызы жан-жаққа босып кеткен.
Қазір олар Мысыр шекарасынан бірнеше шақырымдағы мектеп ғимаратында бассауғалап жүр. Мұнда денсаулығында кінәраты бар адамдарға дәрі-дәрмек жетпей жатыр. Мұнан бөлек, азық-түлік тапшылығы қатты байқалады. Ішерге тамақ таппағандықтан тұрғындардың жағдайы күрт нашарлап кетті. Ал әккі саудагерлер осындай қиын кезде азық-түлік пен ауыз су бағасын аспандатып жіберді. Жұртшылықтың сөзінше, күнделікті тұтынуға қажетті өнімдердің құны бірден 4 есеге қымбаттады.
Этимад Хасан, жергілікті тұрғын:
- Тұтынатын азық-түлік те, ауыз су да жоқ. Күннің суығына қарамастан лашықта түнеп жүрміз. Соның кесірінен көбісі вирус жұқтырып, денсаулығы қатты сыр берген. Шынымызды айтсақ, өмір үшін күрескіміз келмейді.