Мысырда президенттік сайлаудың соңғы күні өтіп жатыр
Елдің басты саяси додасына мемлекет басшысы Абдель Фаттах әс-Сисимен қатар тағы үш үміткер түскен.
Ақпарға қарағанда қазірге дейін сайлаушылардың 48 пайыздан астамы дауыс берген. Кандидаттар жеңімпаз атану үшін азаматтардың 50 пайыздан астам дауысын жинау керек. Егер бірде бір үміткер осы межені еңсере алмаса қаңтардың 8 мен 10-ы күндері сайлаудың екінші туры өтеді. Ал сарапшылардың болжамынша, бұл сайлауда қазіргі президенттің жеңіп шығуға мүмкіндігі мол. Егер Әс-Сиси қайта сайланса ол үшінші мерзім ел басқарады.