Қазақстан-Франция су мәселесі бойынша саммит өткізуді жоспарлап отыр
Қазақстан мен Франция Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен су мәселесі бойынша саммит өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мәлімдеді. Франция президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтуға тың серпін берді. Бұл жөнінде Франция Сенатында айтылды. Екі жақты ынтымақтастық тек энергетика мен өнеркәсіп саласында ғана емес, жаңа бағыттарды дамытуға бағытталады.
Жан Онгре, сенатор:
-Президент Макрон Қазақстанмен дипломатиялық қатынастарды одан ары дамытуға жол ашты. Мен сенатта білім саласына мән беремін. Сондықтан мен үшін Францияның Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнату маңызды.
Алексис Бюрно, Кюри институты халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы:
-Ынтымақтастық экономикалық деңгейде, сонымен қатар денсаулық сақтау саласында да белсенді жүргізілуде. Екіжақты дамуға бағытталған маңызды құжаттарға Астанада өткен кездесуде екі ел басшылары қол қойған болатын.