Лапландияға тікелей 13 әуе рейсі ашылады

Осы маусымда Лапландия астанасы Рованиемиге тікелей 13 әуе рейсі ашылады.

Бұл – Санта Клаустың ауылын тамашалауға асық жандар үшін үлкен мүмкіндік, - дейді мамандар. Өйткені пандемия кезеңінен соң мұнда  туристер қатары сиреген. Ал туризм агенттіктері биылғы маусымда жаңа бағыттағы рейс арқылы келетіндердің саны 200 мыңнан асады деген болжам жасады. Соған сәйкес аймақтың туризм саласы дамып, 20%-ке артады деп күтіліп отыр.

Йохан Юярви, Рованиеми әуежайының менеджері:

- Соңғы 20 жылда желтоқсан айы Рованиеми әуежайында үнемі қарбаласқа толы. Ал бұл жылы біз жолаушылардың саны бойынша рекорд орнатамыз деген ойдамыз. Өйткені осы маусымда келушілер қатары кәдімгідей артады.