Су тапшылығы Газа секторын жұқпалы дерт ошағына айналдырды
Қазір Газада ауыз су тапшылығы өткір сезіліп тұр.
Әсіресе балалар су жетіспеушілігінен қатты зардап шегіп отыр. Салдарынан лас судан пайда болатын тырысқақ, диарея аурулары белең алған. Соңғы айларда 5 жасқа дейінгі балалар арасында жедел ішек инфекцияларын жұқтырудың орташа көрсеткіші 20 есе артқан. Бұл туралы ЮНИСЕФ ұйымының өкілдері мәлімдеді. Олардың соңғы зерттеуіне сүйенсек, анклавтағы балғындарға тәулігіне берілетін ауыз су мөлшері бар болғаны 1,5 литр. Оны тұтынуға да, тұрмысқа пайдалануға да толық жеткізуге мәжбүр. Бұл күнделікті өмір сүру қажеттілігінен айтарлықтай төмен. Бұлай жалғаса берсе, жағдайдың ушығатын түрі бар. Сол себепті ұйым әлем елдерін дереу гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды.