Түркі елдері арасындағы цифрлық сауда әлеуеті артады
Анкарада «Түркі елдерінің экономикасындағы цифрлық сауда және инвестициялық әлеуетті арттыру» тақырыбында жиын өтті.
Оған ұйымға мүше мемлекеттердің сауда және экономикаға жауапты министрлік өкілдері қатысты.
Іс-шарада «Түркі экономикасы-2023: цифрлық сауда және инвестиция есебі» таныстырылды.
Сараптамада сандық экономиканың қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты жан-жақты талдау жасалған. Саладағы білікті сарапшылар цифрлық экономиканың қазіргі үрдісі, түркі мемлекеттері экономикасының әлеуеті мен келешегі, инвестициялық мүмкіндіктер туралы баяндама жасады.
Айхан Сатыжы, Әзербайжан түркі әлемі зерттеу орталығының жетекшісі:
- Түркі мемлекеттеріне мүше елдер арасында цифрлық сауда және инвестициялық әлеует орасан. Қазірге дейін кедендік ынтымақтастық, сауда серіктестігі секілді бірқатар салада қарым-қатынасымызды нығайттық. Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Бүгінгі жиында сауда мүмкіндіктерін ұлғайтуға кедергі келтіретін мәселелерді жан-жақты талқыладық. Тиісті мемлекеттерге есеп жолдадық.
Долорес Тюлебекова, Дүниежүзілік экономикалық зерттеулер орталығының директоры:
- Жыл басында цифрлық сауда және инвестиция есебін жариялаймыз деп шештік. Нақты тармақтарды анықтадық. Шамамен 10 айда аяқтадық. Менің ойымша, бірінші жиын үшін нәтижелер көңіл көншітерлік. Алдағы жылдары кең көлемде қарастырамыз деген ойдамын.