Польшадағы 3 телерадиокомпания жабылады
Польша билігі ел аумағында хабар тарататын 3 мемлекеттік телерадиокомпанияны жабуға кірісті.
Бұл туралы осы елдің мәдениет министрі мәлімдеді. Бартоломей Сенкевичтің айтуынша, бұл қадам президент Анджей Дуданың ақпарат құралдарын қаржыландыруды тоқтату туралы шешімімен байланысты.
Айта кетейік, бұған дейін Польша басшысы жергілікті мемлекеттік телеарналардың біріне 750 миллион доллар қаражат бөлуге тыйым салған еді.