Таймс Скверде жаңажылдық шар орнатылды

Нью-Йорктің басты алаңы Таймс Скверде жаңажылдық шар орнатылды.

Биыл ол 192 үш бұрышты бөлшектен құрастырылды. Әрқайсысын шеберлер қолмен жасап шыққан. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, желтоқсаннның 31-інде бұл шар дәл осы алаңда дәстүр бойынша биіктен баяу түсіріліп, 2024 жылдың басталғанын паш етеді. Сол сәтті тамашалау үшін Таймс скверге миллионға жуық адам жиналады.