Сеулде 40 жылда жаумаған қар түсті
Сеулде қалың қар түсті.
Ақ ұлпаның қалыңдығы 12 сантиметрден асады. Мамандар: «1981 жылдан бері мұншалықты көп қар жаумаған», - дейді. Қазір көшелерді тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Билік өкілдерінің айтуынша, оған 4,5 мың адам, 1200 техника жұмылдырылған. Десе де тұрғындар жауған қарға қуанып жатыр. Жұрт шанамен сырғанап, сауық құру үшін саябақтарға ағылып жатыр.