Ресейде инфляция немесе «Оливье» индексі

Жергілікті тұрғындар қымбатшылықты «Оливье» салатына жұмсалатын шығынмен есептепті.

Биыл аталған индекс көрсеткіші 8%-ға өскен. Бұл америкалық «Big Mac»-қа ұқсас.

Ресейлік сарапшылар мерекелік дастарханның құнын есептеді. Экономистердің пікірінше, дәстүрлі жаңа жылдық тағамдар дайындауға кем дегенде 8,5 мың рубль, яғни 42500 теңге кетеді екен.

БЛИЦ:

- Жаңа жылдық дастарханға жиырма мың рубль жұмсадым.

- Жиырма үш мыңнан аспайды, себебі зейнетақы мөлшері сондай.

- Бұрын тапқан тиын тебеніміз тамаққа да, басқаға да жетуші еді. Қазір шайлығымыздан аспай қалатын кездер болады.

Оливье салаты Ресейде жаңа жылдық дастарханның сәнін кіргізетін көпшіліктің ең сүйікті тағамы ғана емес, сонымен қатар иинфляция көрсеткіші. Сарапшылардың пікірінше биыл Оливье индексі 8 пайыздан 45 пайызға дейін өскен. Мысалы, осы астың дәстүрлі рецептіндегі жұмыртқа Мәскеу дүкендерінде 200 рубльге немесе мың теңгеге дейін қымбаттады.

Ресейда қаңтар айынан бастап көп тауардың бағасы өседі. Бұл туралы тауар жеткізуші компаниялардың өкілдіктері сауда орындарына алдын ала хабарлап, ескерткен.

Ақпарға қарағанда сүт, кофе, шырын, күріш және кондитерлік өнімдердің бағасы шамамен 20 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Өндірушілер бұған валюта бағамының қатты құбылып, логистиканың бірден отыз пайызға өсуі себеп - дейді. 

Дана Нұржан, Шахзод Гамиров, 24KZ, Ресей.