Жапониядағы зілзала құрбандары 73 адамға жетті
Жапониядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 73 адамға жетті.
400-ге жуық тұрғын жараланған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ното түбегінде бірнеше қала қирап, ондаған мың тұрғын жарықсыз және ауызсусыз қалды. Апат болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
- Мен қазір 65 жастамын. Осы өмірімде бірнеше үлкен жер сілкінісін бастан өткердім. Бірақ бұл жолғы зілзала мүлде өзгеше. Қорқынышты және ұзақ болды.
Метрода шабуыл жасалды
«Жығылғанға – жұдырық». Жұрт табиғи апаттан қайғы жұтып жатқанда Токио метросында белгісіз әйел пышақпен шабуыл жасап, 4 адамды жаралады. Қаскүнем қамауға алынған. Қазір ол полицияда тергеліп жатыр. Дәрігерлер: «жарақат алғандардың өміріне қауіп жоқ», - дейді.