Еуропаны сары аяз қыса бастады
Солтүстік Еуропаның біраз бөлігінде сақылдаған сары аяз тұр.
Соның салдарынан Швецияның кей аудандарында мыңдаған адам электр қуатынан ажырап, қиындыққа тап болған. Ал тасжолдарда көліктері оталмай әбігерге түскен жүргізушілер көбейген.
Мәліметке қарағанда қазір Швецияның солтүстігіндегі сынап бағанасы 38 градусқа дейін төмендеген. Метеорологтар болса алдағы күндері бұдан да қатты аяз болатынын ескертіп отыр.
Йохан Сундквист, тұрғын:
- Таңғы сағат 4-тің кезінде, үйде жылу жоқ екенін байқадым. Термометр минус қырық градусқа дейін жеткен.
Норвегия астанасы Ослода да бұрын-соңды болмаған аяз басталды.
Бұл елде сынап бағанасы минус 37 градусқа жетті. Синоптиктер мұны рекордтық көрсеткіш дейді. Күннің күрт суытуына байланысты, барлық тау шаңғы курорттары жабылған.