Жапониядағы зілзаладан 213 адам опат болды

Жапониядағы зілзаладан опат болған құрбандардың саны 213 адамға жетті.

Ауыр жараланған 567 адам ауруханада. 52 адамды әлі іздестіріп жатыр. Зілзаладан ең көп зардап шеккен Исикава префектурасында 1370 үй қираған. Сондай-ақ өрт салдарынан 300-ге жуық ғимарат жермен-жексен болды. Қазір бұл аудандарда электр қуаты, су және жанармай тапшылығы сезіліп жатыр.