Канада елге келуші шетелдік студенттер санын шектейді
Бұл туралы Азаматтық және көші-қон министрлігі мәлімдеді.
Енді өзге мемлекеттен келген білім алушының материалдық жағдайы қатаң тексеріледі. Канада билігі "масыл студенттер қажет емес" дейді. Кейінгі жылдары елге білім алуды желеу етіп, қосымша ақшасы жоқ қалтасы жұқа жастар көптеп келе бастаған. Бұл бюджетке салмақ түсіріп, тұрғын үй дағдарысын тудырды.