Франция хуситтерге қарсы шабуылға қатысқан жоқ – Макрон
Франция хусит көтерілісшілеріне қарсы АҚШ бастаған шабуылға қатысқан жоқ.
Президент Эммануэль Макрон баспасөз мәcлихатында осылай деп мәлімдеді. Аймақтық шиеленістен аулақ тұру Париждің басты ұстанымы. Бірақ Қызыл теңіздегі кеме қатынасының тұрақтылығын сақтап әрекет етеміз деді ол.
Эммануэль Макрон, Франция президенті:
- Франция хуситтерге қарсы жоспарланған шабуыл бойынша коалицияға қатыспауға шешім қабылдады. Өйткені біздің кез келген шиеленіске атсалыспау жөніндегі өзіндік ұстанымымыз бар. Аймақтың тұрақтылығын сақтауға және шабуылдың алдын алуға мұқият боламыз. Бірақ өзіміздің әрі одақтастарымыздың жүк кемелерін қорғау үшін әрекет етуден тайынбаймыз.