Барлық мамандықтың үштен бір бөлігі автомат жүйеге көшеді

Алдағы 25 жылда барлық мамандықтың 35 пайызы автоматтандырылады.

Осыған байланысты 83 млн кәсіп түрі жойылады. Америкалық Оксфорд университеті мамандары осылай дейді. 

Ал 2030 жылға қарай жер жаһанда 85 миллионнан астам маман тапшы болады деген болжам бар. 

Заман ағымына қарай белгілі бір мамандықтарға сұраныс артып, кейбірі қоғамның қажетіне де жарамай жатыр. Бұл қандай мамандықтар? Қай салада?

АҚШ-та 9,6 миллион жұмыс орны бос тұр. Ал 6 миллион 400 мың адам жұмыссыз. Әсіресе дәрігерлер жетіспейді. Ұлыбритания да осындай жағдай. Қазір 130 мыңға жуық вакансия бос, бірақ жұмысқа орналасуға ешкімнің құлқы жоқ. Өйткені жалақы аз. Былтыр жыл соңында Англия, Уэльс және Солтүстік Ирландия көшелеріне 100 мыңға жуық медицина қызметкері айлықты 19 пайызға өсіруді талап еткен еді. Билік болса үнсіз.

Роберт Лоренсен, британдық дәрігер:

- Сағат саны көп. Оның үстіне жұмыстың өз ауыртпалығы бар. Өкінішке орай, алатын айлығымз біздің бар қажетімізді өтемейді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша 2025-2030 жылдары сұранысқа мына мамандықтар ие болады:

АйТи-дәрігер, дата-сарапшы, трендвотчер, биоинженер, урбанист-эколог, жоба менеджері, жасанды интеллект бойынша маман. Сондай-ақ ұйым болжамына сенсек, 2030 жылға қарай кей салада автоматтандыруға байланысты 85 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Соның ішінде турагент, Курьер, Фаст-фуд аспаз, Есепші, Күзетші және полиция қызметкерлері.

Ал дәрігер әлеуметтік қызметкер, кәсіпқой спортшы, жазушы және мұғалім сұранысқа ие мамандықтар ретінде қала береді.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, әлемде әрбір төртінші адам өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Диплом болса, жұмыс жоқ. Жұмыс болса, маман тапшы. Бұл еңбек нарығындағы теңсіздік қала бермек.