Испанияда дауыл салдарынан төтенше жағдай жарияланды

Испанияның солтүстігінде қатты дауыл соғып, төтенше жағдай жарияланды.

Елде жолдар жабылып, қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қалың қар Австрия, Хорватия және Словенияға да түскен. Мамандардың айтуынша, «Хуан» дауылы алдағы тәулікте де басылмайды.