Еуропада қызылша өршіп тұр
Былтыр мұнда ауруды жұқтырудың 30 мыңнан аса дерегі тіркелген.
Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 30 есе көп. Әсіресе кейінгі айларда науқас саны күрт артқан. Дертті жұқтыру Ұлыбритания мен Румынияда көп. Мамандар бұған иммундау деңгейінің төмендеуі себеп дейді. Әсіресе қызылшаға қарсы вакцина салдыру коронавирус пандемиясы кезінде азайған. Соның салдарынан 2 миллионға жуық бала екпе алмаған.