Жапониядағы зілзала салдары халыққа ауыр тиіп жатыр

Жапониядағы жер сілкінісі құрбандарының саны артып, 236 адамға жетті.

Зілзала 1 қаңтарда болған. Соңы өрт пен цунамиге ұласты. Табиғат апатынан елдің орталығындағы Исикава префектурасы зардап шеккен. Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ізім-ғайым жоғалған 19 адам әлі табылмады. 15 мың тұрғын уақытша орталықтарды паналап отыр. Өйткені көптеген ғимарат қирап қалған. Мыңдаған үй жарықсыз отыр. Кейбір ауданда тіпті су жоқ. Жөндеу жұмыстары ақпанның соңына дейін жалғасуы мүмкін.